ЖАҚЫНДА ПРЕМЬЕРА!

Құрметті, театр сүйер қауым! Сіздерді “ЖАН ӘКЕ”
(Қазағым, қайда барасың?) драмасын тамашалауға шақырамыз! 

6,8,17 қаңтар

Авторы: Флориан Зеллер
Аударған: Тілектес Мейрамов
Сахналық нұсқа: Болат Әбділманов 
Режиссері: Асыл Құдайбергенов

Қазақ сахнасына лайықталып жазылған пьеса бойынша қойылған «Жан әке» көп қырлы спектакль. Бас кейіпкер - Ақсақал. Өмірдің қызық-қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ  бақилық. Тағы бір қайғысы  - шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен кенже қызы.  Жасы келіп, күш-қуаты азайып, жады тозған әкені өзінше өбектейтін үлкен қызы Айжан ғана. Бірақ, еңбегі, бір есептен, зая, себебі, әкесін «естімейді». Ал, жады тозды демесеңіз, рухы мықты, ақыл-ойы орнында - қыздарының тағдырын, ұлттық ұстындардан ажырай бастаған ұрпақты, қазағының болашағын ойлайтын Ақсақалдың жаны жалғыз, мейірімге шөлдеулі...

Жан әкенің жанын кім түсінеді?

Премьерада жүздескенше!


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.