Меморандумға қол қойылды

2022 жылдың 12 наурызында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті арасында мәдени ынтымақтастықты орнату туралы меморандумға қол қойылды. 

Меморандум «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында жастардың рухани дүние танымын дамыту жолында университет пен М.Әуезов театры арасында мәдени қарым-қатынасты орнату мақсатында жүзеге асырылмақ.

Қол қою рәсіміне М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры тарапынан театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері Асанәлі Әшімов, театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жуасбек Еркін Тілеуқұлұлы, театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Айдос Бектеміров, театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Омар Қыйқымов және театрымыздың режиссері  Аридаш Оспанбаева болды. Сондай-ақ, екінші тарап өкілдері – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ректоры – Біләлов Дархан Нұрланұлы, унипверситеттің әкімшілік және қаржы қызметі жөніндегі проректор, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Исакова Клара Төлемісқызы, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының м.а. Нұрланов Шыңғыс Нұрланұлы, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің бас маманы Алиасқар Айдана Ерланқызы қатысты.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін, театрымыздың мұражaй қорының жетекшісі, мәдениет саласының үздігі Наргиз Тамабекқызы келген қонақтарды театр тарихымен, құнды жәдігерлерімен таныстырды. Одан кейін режиссер Аридаш Оспанбаева сахналаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер. Ақбала» спектаклін тамашалады. Спектакль соңында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті атынан театр ұжымына ықылас гүлі табысталды.


Өзге жаңалықтар