Курсанттар қонақта

Бүгін театрымызға Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі М.Есболатов атындағы академия курсанттары келіп, сырласу бұрышында театр артистерімен кездесті. 

Курсанттармен кездесуге М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры директорының орынбасары, актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай мен театрымыздың актрисасы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова қатысты. Артистер қойылған сұрақтарға жауап беріп, еркін әңгіме-сұхбат жүргізді. 

Кездесуден кейін курсанттар “Сыған серенадасы” спектаклін тамашалап, музыкалық қойылымның көңілдерінен шыққанын білдірді.


Өзге жаңалықтар

30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
26 мамыр
Хабарландыру