Шынар Жанысбекова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі: Жасампаздық пен жаңарудың бастауы

Наурыз – барша қазақтың ерекше күтетін ғажап мерекесі, Ұлыстың ұлы күні. Өйткені бұл күні күн мен түн теңеседі, халық қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, Самарқанның көк тасы жібиді, жаңа жыл басталады. 
Көктеммен бірге келіп, жан-дүниені тірілткен, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мейрамы біздің отбасымыз үшін де үлкен мағынаға ие. Наурыз көжемізді пісіріп, мерекелік дас­тарханымызды жайып, жаңа киімдерімізді киіп, ақ дастархан басында бір-бірімізге ақжарма тілегімізді айтамыз. Өткен жылға шүкіршілік етіп, жаңа жылдан жақсылық күтіп, қарсы аламыз. Осы күні отбасымызбен бір-бірімізге кітап сыйлауды әдетке айналдырдық. Өзім жыл сайын осы күні тілегімді тілеп, гүл отырғызамын. 
Тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен байланыстырған, көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы деп бағалаған. Олай болса, барша қазақ халқын әз-Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Барлық отбасыға амандық, денсаулық тілеймін! Нау­рыз мерекесі берекесімен келіп, баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін! Ел іргесі тыныш болсын! Әлемде болып жатқан апаттар, соғыстар тоқтасын! Алладан бүкіл адамзаттың жүрегіне иман тілеймін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

https://anatili.kazgazeta.kz/news/61644


Өзге жаңалықтар

15 наурыз
Хабарландыру
Есмұхан ОБАЕВ: Театрдың ары мен паспорты – режиссер
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты, актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Есмұхан ОБАЕВПЕН сұхбат.
9 наурыз
Хабарландыру
Болат Әбділманов: Қарындастан айрылған жаман екен, қаракөзден мөлтілдеп жас келеді
Ол елімізге Абай образымен танылған тұлға. Өзінің шығармашылық жолында елі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Болат Әбділмановпен сұхбатымыз қоғамдағы өзекті мәселелердің төңірегінде өрбіді.
9 ақпан
Хабарландыру
Тәлкекке түскен тағдырлар
Мұхтар Әуезов театры жыл­ашар шы­мылдығын Флориан Зел­лердің «Әке» пьесасы премьерасымен ашты. Орыс тілінен аударған – Қазақстанның Ха­лық әртісі Тілектес Мей­рамов.