Президент жолдауы

2022 жылдың 16 наурызында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады.

Ауқымы кең, мазмұны бөлек жолдаудың Жаңа Қазақстанды құру жолында маңызы жоғары. Президентіміз өз сөзінде тек біржылдықтағы ғана емес, ел болашағының жарқын болуына кең көлемдегі жоспарларын қамтыды.

Мәдениет пен өнер - ұлттың, елдіктің бір тірегі. Біз, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы, Халық үніне құлақ асатын әділ әрі құқықтық мемлекет құрудың бастамаларын қолдай отырып, бүгінгі Жолдаудың маңызын алға тартамыз. Тәуелсіз елімізде қашанда татулық пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісімнің салтанат құруы үшін мемлекетіміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынған Қасым-Жомарт Кемелұлымен біргеміз.

“Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын”, - деді мемлекет басшысы. Жаңа Қазақстан - егемен еліміздің болашақ бейнесі. Еліміздің барлық салалары жаңа даму сатысына көтерілуі тиіс.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.