14 сәуірде Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында жазушы «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы өтті.
Шығарма авторы — Мұхтар Әуезов. Қойылым режиссеры – Әлімбек Оразбеков.
«Еңлік-Кебек» Мұхтар Әуезов атындағы драма театрында бұған дейін де бірнеше рет қойылған. Бұл жолы театр ұжымы көрермен алдына жаңа актерлық құраммен шықты.
Қойылымдағы Кебектің рөлін Әділет Базарбайұлы, Еңліктің рөлін Захира Рахымжан ойнады. Сонымен қатар Бекжан Тұрыс абыз рөлінде, Болат Әбділманов Еспембет рөлінде сахнаға шықты. Актерлық құрамда Нұрғиса Қуанышбайұлы, Алмат Құрақ, Ерлан Біләл, Саят Мерекеұлы, Мұрат Нұрәсілов, Омар Қиқымов пен Мұхтар Қапалбаев та бар.
Еңліктің рөлін сомдаған Захира Рақымжан бұл жолы сахнаға шықпас бұрын қатты толқыған.
Театр артисі Назгүл Қарабалина «Сахнаң жеңіл болсын, жолын берсін» деп ырымдап, осы театрдағы бірінші рөлін сомдағанда таққан алқасын сыйлады. Бұл — мен үшін ерекше қымбат сыйлық. Бұған қоса көрермен ықыласы мен қошеметі осынша жоғары болады деп күтпеген едім. Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, келесі қойылымдарға дейін кейіпкерімді қайта зерттеуім керек. Батыр Еңліктің образын халыққа жеткізу үшін барымды саламын, — дейді актриса.
Премьера 19 сәуір күні тағы қойылады.
«Еңлік-Кебек» қойылымы. Фото: Мұхтар Әуезов театры
«Еңлік-Кебек» қойылымы. Фото: Мұхтар Әуезов театры
Мұхтар Әуезов театрында "Еңлік-Кебек" трагедиясының премьерасы өтті (baribar.kz)