ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2022 жылдың 16 наурызында А.П.Чехов атындағы Алматы қалалық кітапханасында театрымыздың әдебиет бөлімінің қызметкері, жазушы-драматург Қолғанат Мұраттың "Пони" атты пьесалар жинағының тұсаукесері өтті. 

Тұсаукесер рәсіміне  драматург Қолғанат Мұраттың аға-әріптестері, студенттері мен шәкірттері жиналды. Кеш қонақтарының қатарында журналист, аудармашы, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" Халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты, “Құрмет” орденінің иегері Әлия Бөпежанова, белгілі жазушы, аға драматург "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Сұлтанәлі Балғабаев, сонымен қатар, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, "Өнертану" факультетінің деканы Меруерт Жақсылықовалар болды. 

Қонақтар жинақ авторына жылы лебіздерін арнап, драматург шығармашылығы туралы пікірлерін білдірді. Студенттер Қолғанат Мұраттың жаңа кітабына, драматургиясына байланысты сұрақтарын жолдап, әңгіме-сұхбат құрды. 

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы пьеса жинағының жарық көргеніне қуана отырып, авторды шын жүректен құттықтайды. Театрымыздың қызметкері, драматург Қолғанат Мұраттың шығармашылығына толағай табыс тілейміз!

Жазарыңыз таусылмасын, қаламыңыз мұқалмасын!


Өзге жаңалықтар