Әуезов театрына реставрация жұмыстары жүргізіледі

Алматы қаласындағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының есептік гастрольдік сапары туралы брифинг барысында Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Алиев айтты.

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізіледі. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Ол шілде айында аяқталады. Бұл жұмыстардың барлығы министрдің бақылауында, - деді Данияр Алиев.

Данияр Алиевтің айтуынша, былтыр театрлар арасында бір-бірімен байланысқан 297 іссапар өткізіліп, шамамен 2 млн адам қойылымдарды тамашалаған.

Бұған дейін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры елордаға гастрольдік сапармен келгені хабарланды.

Әуезов театрына реставрация жұмыстары жүргізіледі | BAQ.kz


Өзге жаңалықтар