Мәңгілік махаббат айнасы

Әдебиет тарихында өшпес шығармаларымен әлем жұртшылығын тамсандырған ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің драмалары күні бүгінге дейін халық назарында. Оған дәлел – биылғы сәуірдің 14-і және 19-ы күндері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрында белгілі режиссер Әлімбек Оразбековтің қойылымымен жаңа қырынан көрінген «Еңлік-Кебек» трагедиясының премьерасы дер едік.

Театрдағы екі күнгі аншлагтан­ алғ­ан әсеріміз ұшан-теңіз. Әсіре­се­ Бекжан Тұрыс сомдаған Абыз бейнесі, Алмат Құрақ ке­йіп­­­теген Жапал, Нұрғиса Қуаныш­бай­дың Есен батыры тарих қойна­­уынан қайта тіріліп келгендей әсер қалдырды. Болат Әбділ­ма­новтың Еспембеті, Саят Мереке­ұлы­ның Кеңгірбай биі, Ерлан Біләл­ ойнаған Көбей бейнелері де бү­гінгі көрерменді өзгеше тол­ған­дырғанын іштей сезіп отыр­дық. Сондай-ақ Жомарт, Кембай, Қараменделер де өз мінез ерек­ше­ліктерімен есте қалды. Әсіресе Еңлік рөліндегі Захира Рахым­жан­ның жан мен тән сұлулығы әдемі­ үйлесім тапқан. Ал оның сүй­ген жігіті – Кебек рөліндегі кел­бетті де батыр мүсінді актер Әділет Базарбайұлының сахна­дағы­ орны тіпті ерекше. Бейкүнә махаб­баттың құрбаны болған қос ғашық­тың бір-біріне деген ыстық көңілі мен жүрек лүпілі қазір­гі жастардың да ішкі әлемін алай-дүлей етіп, сезім қылын қозғап кеткені сөзсіз.

Талантты жастарға жол көр­се­тер, арқасүйер аға буын актер­лер­дің­ еңбегі де өз нәтижесін бергені көрі­­ніп тұрды. Жаңа қойылымның бір­ден-бір жетістігі осы деуге әбде­н­ болады. Мәселен, бұған дейін 1996 жылы режиссер Жанат Хад­жиев қойған «Еңлік-Кебекте» де Болат Әбділманов тасбауыр би Еспембетті сомдаған. Түсі суық,­ қабағы қатыңқы келген Еспем­беттің бейнесін актер бұл жолы­ жаңа қырынан танытты. Оның аузынан асықтай иіріліп шық­қан отты сөздер арқаңды мұз­дат­қандай. Әуелі сарабдал бас­тап, бірте-бірте күш көрсете сөй­легенде, еріксіз сескендіреді. Ак­тер ойынының негізгі желісі – сөз­дің­ ішкі күші, одан туған іс-әрекеті мен­ психологиялық толғаныстары.

Ж.Хаджиевтің режиссурасы бо­йынша Кебекті сомдаған Ерлан Біләл кезінде көрермендер мен театр­ сыншыларының қошеметіне бөлен­ген болатын.

Ал келбеті келіскен жас актер Әділет Базарбай кейінгі Кебектің сахналық бейнесін тудыру кезінде Ерлан Біләл өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, біршама көмек бергенін жеткізді. «Да­йын­­дық барысында сахна­да­ғы­­­ әр қадамыма қарап отырды.­ Әр сөзімдегі дыбысқа, әр қимы­лым­ мен көзқарасыма дейін бақы­лай­ды. «Кебек ондай емес, Кебек­ олай айтқан жоқ» деп қате­ле­рімді түзетіп береді. Ол кісіден үй­ренерім әлі көп», дейді актер риза­шылықпен.

Бұл ретте әйгілі режиссер Шә­кен Аймановтың «Жақсы ак­тер­­ болу үшін дарынды болу аздық­ етеді. Ол үшін әр актер, ең алдымен, өз бетінше ізденіп, кейіп­­­керінің ішкі күйіне еніп, оны тереңірек зерттеу­ге талпынуы­ қа­жет»­, деген қағидасы еске түседі. Кебек­тің батыр да батыл, бүкіл әлем­ді дос санаған сахналық көр­кін­ бұзбай, рөлін жақсы меңгеруі – соның дәлелі болса керек. Осы орай­да актер Әділет Базарбай өзі сом­даған кейіпкерін зерттеу және ойнау кезінде туған ішкі сезім­де­рін­ былай жеткізді: Кебек – сыршыл да сезімтал, ақы­л­­­ды, ұлты мен еліне жаны аши­тын, бір сөзді, жалғыз өзі
15 батыр­ды жеңген Тобықты елі­нің­ бетке ұстар азаматы. Кебекті іш­тей түсінемін, оның үстіне кейіп­керім дәл қазіргі менің жасым­да болған екен. Мен де бойдақ­пын, мен де өз теңімді әлі тап­қан жоқпын. Ал Кебек сүйге­нін­ тапты. Махаббат жолында­ ата дәстүрді бұзып, еріксіз атастырылған, бірақ атас­тырылған адамын сүймейтін қыз­ды­ алып қашты. Бар кінәсы осы. Іш­тей махаббат та, қызғаныш та,­ армандар да және ең ауыры – өкі­ніш ­те бар... Қойылымға келген жас­тар бұл трагедиядан сабақ алуы­ керек деп ойлаймын.

Жапалдың апатайына деген­ шек­сіз махаббаты мен қиял-шал­қа­рында шарықтаған нәзік дүние­сі, Кебектің ата дәстүрден атта­ғаны үшін өкініші мен қорқы­ны­шы, Еңліктің махаббат жолын­да­ ­құрбан болуға ынтық сезімі, би­лер­дің қатал шешімі, сол шешім­ді­ жастардың өліміне қарай бұ­рып,­ соңында өкінгеннен Есен батыр­дың­ өзін өзі қамшымен сабағаны, оқи­ға­ның басы мен аяғына дейін Абыздың мұңды шермен зар­ланып, қасіретке толған үні мен­ қимылдары жаңа қойылымда көрер­менге мүлдем басқаша әсер қалды­рады.

«Еңлік-Кебекті» жаңша қой­ған режис­сер Әлімбек Ораз­бе­к­овтің бір ерек­шелігі – бұған дейінгі әрбір «Еңлік-Кебек­тің» элементтерін ұтым­ды пай­да­лан­ған. Мәселен, Ә.Ораз­бе­ковтің Абызы мұнда ата-баба­лар­дың аруа­ғы ретінде бейнеленген. Әрбір сәтте елес кей­пінде көрініп, жан тебірентер моно­ло­гін айтып, тіпті Кеңгірбай биге аян беріп, ел тыныштығы үшін күресіп жүреді. Ал Ж.Хаджиевтің қойылымында Еңлік пен Кебекті Жәуетай есімді кейіпкер тау-тастан іздеп табады. Ә.Оразбековтің режиссурасында оларды Жапал іздеп барады. Бұл жолы қос ғашықтың баласы тауда ұмытылып кетпей, Жапалға табысталған. Ал кейбір сахналар екі мағыналы етіп жеткізілген: Жапал бейкүнә сәбиді Абызға береді, Абыз өз кезегінде оны аспанға ұшырып жібереді. Бұл жерде әр көрермен өзі тұжырым жасауы керек. Сахналық көрініс, деко­рация көзге ерекше түседі. Тау-тас бейнеленген қабырғалар, жы­лан, садақ, қылыш тәрізді рек­­ви­­зиттер, кейіпкерлердің әр кезең­­ге сай өзгертіліп отырған киім-кешектері көрермен назарын ерік­­с­із өзіне тартады.

Премьера кешінде сөйлеген ак­тер­­ Болат Әбділмановтың пікірі де түр­лі ойларға жетелейді: Мұнда халық пен мемлекеттің қалып­тасуына ықпал ететін траге­дия­лық терең мән-мағына жатыр. Режиссер Ә.Оразбеков ең басты мәсе­лені билердің алдына қойып отыр. Бұл спектакльдің бұған де­йінгі «Еңлік-Кебектерден» ерек­ше­лігі де осында. Бұрынғы заманда дәстүр бұлжытпай орындалуы к­е­рек болған. Осы қасаң қағида қос­ ғашықтың қасіретіне әкеліп соқ­ты. Адами құндылықтың шыр­қау шыңы – махаббат. «Махаб­бат­сыз дүние бос, хайуанға оны қо­сыңдар» деген Абай өсиеті тағы­ да алдымыздан шығады. Дәс­түрді замана заңы десек, ол заң уақыт талабына сай өзгеріп, жаң­ғырып отыруға тиісті. Олай бол­мағанда кез келген қоғам, мем­лекет ты­ғы­рық­қа тіреледі. Өрке­ниет­ ауылы алыстай береді...

Аға буын мен жас буын актер­лер­дің ойы бір арнада тоғысты: «Әлімбек Оразбеков қойған «Еңлік-Кебектің» ерекшелігі – дәс­­түрден аттамау. Сөйте отырып,­ дәс­­түрдің озығы да, тозығы да­ бар деген ұстанымды алып шық­қан­ды­ғында. Билер сахнасында бұл кеңі­нен көр­се­тіледі», деді әйгілі актер­ Асанәлі Әшімов.

Ендеше, ауыз әдебиетінің асыл­ мар­жандарынан сүзіліп, бүгінге қаймағы бұзылмай жет­­кен махаб­бат­ айнасы «Еңлік-Кебек» жыры ғасыр­­дан-ғасырға жасай береді.­

 

Аружан ЖЕҢІСБЕКОВА,

Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ журналистика факультетінің студенті

Мәңгілік махаббат айнасы (egemen.kz)


Өзге жаңалықтар