М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театр музейіне - 55 жыл!

Кеше, 18 мамыр М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай «Театр және музей: қазіргі таңдағы  театр музейлерінің өзекті мәселелері»  атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға сыншы, аудармашы, мәдени сарапшы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби, Ұлттық «Сахнагер» сыйлықтарының лауреаты Әлия Бөпежанова, театртанушы, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Сәния Қабдиева, театртанушы, өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Бақыт Нұрпейіс, театртанушы, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Исламбаева Зухра қатысты.

Дөңгелек үстел барысында жаһандану заманында театр өнеріндегі музей бөлімінің маңызы, өткені мен бүгіні талқыға салынып, жаңа ұсыныстар айтылды.
 


Өзге жаңалықтар