ТЕАТР ӨНЕРІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНДА МУЗЕЙ ТҮНІ ӨТТІ

Кеше, 18 мамыр М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті. 

Сағат 18:30-да О.Жанайдаровтың «Екеуміз» драмасы қойылды. 20:00-ден кейін театр есігі барша  музей түніне қатысушылар үшін ашық болды. 

Музей түнінде:
•    театр музей қорынан сұрыпталып алынған 55 жылдыққа орай 55 тұлғаның портреттері ілінген көрменің ашылу салтанаты өтті;
•    белгілі артистердің қатысуымен театрландырылған қойылымдардан үзінділер қойылды;
•    ғасырға жуық сақталған сахналық киімдердің шеруі өтті;
•    танымал әншілердің орындауында әндер шырқалып, театр тарихынан сыр шертетін деректі фильм көрсетілді;

Салтанатты шараға жазушы-драматург,мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков және әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов арнайы қатысып, театр музейіне және театр өнеріне деген ықыластарын білдірді.

Алматылық көрермендеріміз әсем ән тыңдап, театр тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен танысып, ғажап көңіл-күймен тарқасты.


Өзге жаңалықтар