ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТЕАТР МӘСЕЛЕЛЕРІ

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Ұлттық театр музейінің құрылуына 55 жыл толу мерейтойына орай музей түні өтті.

Салтанатты іс-шараға жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек ері Дулат Исабеков, әнші, Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов және театрдың даңқты актерлері қатысты.
Театрдың музей қорынан сұрып­талып алынған, 55 жылдыққа орай 55 тұлғаның портреттері ілінген көрме ашылды, қойылымдардан үзінділер қойылды, ғасырға жуық сақталған сахналық киімдер шеруі өтті, танымал әншілердің орындауында әндер шырқалып, театр тарихынан сыр шертетін деректі фильмдер көрсетілді.
Бұдан бөлек, театр музейінің құрылғанына 55 жыл толуына орай «Театр және музей: қазіргі таңдағы театр музейлерінің өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова, театр­танушы, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Сәния Қабдиева, театртанушы, өнертану докторы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Бақыт Нұрпейіс, театртанушы, өнертану кандидаты, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Қазақстан театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Зухра Исламбаева қатысты. Дөңгелек үстел барысында жаһандану заманында театр өнеріндегі музей бөлімінің маңызы, өткені мен бүгіні талқыға салынып, жаңа ұсыныстар айтылды.
 
 

Сая Жансейіт

https://anatili.kazgazeta.kz/news/61869


Өзге жаңалықтар

25 қараша
Хабарландыру
Театр – жаның жалаңаштанатын мекен
Актерлік өнер – адам бойынан мамандыққа деген адалдық пен махаббатты, шынайылықты талап ететін көпқырлы сала.
11 қараша
Хабарландыру
9 қараша
Хабарландыру
Тұңғышбай Жаманқұлов - 75 жаста: Әуезов театрында спектакльдер апталығы басталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай спектакльдер апталығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.