“АБЫЗҒА АЙНАЛҒАН АСАНӘЛІ”

“АБЫЗҒА АЙНАЛҒАН АСАНӘЛІ”

8 сәуір күні Алматы қалалық Орталық музейде актер, режиссер, профессор, Қазақ КСР халық артисі, КСРО халық артисі, Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері - Асанәлі Әшімовтің 85 жасқа толуына орай ұйымдастырылған “Абызға айналған Асанәлі” атты көрме өтті.

Көрмеге сахна саңлағының жақын-жолдастары, өнердегі әріптестері, үзеңгілестері, зиялы қауым өкілдері бой көрсетіп, сөз сөйледі. Олардың ішінде - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбай, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, театрымыздың кеңесшісі, режиссері, профессор, Қазақ КСР Халық артисі, Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Барыс", "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаев, қазақ мәдениеті, әдебиеті мен ғылымының ірі өкілдері - Жүрсін Ерман, Алтынбек Қоразбаев, Төрегелді Шармановтар қатысты.

Орталық музейге театр корифейінің жеке қорынан 200-ге жуық экспонат өткізілген. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры музейі қорынан Асанәлі Әшімовтің жеке заттары да арнайы апарылды. Олардың ішінде - актердің сахналық киімдері, естелік суреттері, кітаптары, құжаттары, наградалары бар.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.