Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың туғанына 100 жыл

2022 жылдың 14 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық драма театрында ҚазССР және КСРО халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан “Сахнаның шолпан жұлдызы” атты іс-шараның баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияға М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Тілеуқұлұлы Жуасбек, Қазақстанның халық артисі, «Парасат» орденінің иегері Нүкетай Мышбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Жандарбекованың шәкірті Кеңес Нұрланов, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әубәкір Рахимов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Жұмабеков және Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Қайрат Кемалов қатысты.

Пресс-конференциядан соң, қонақтар театрымыздың мұражай бөлімі ұйымдастырған Ш.Жандарбекованың шығармашылығына арналған көрмені тамашалады. Сонымен қатар, спектакль алдында «Шолпан жұлдыз» естеліктер кітабының тұсаукесері өтті.

Сағат 18:30-да М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Отыз ұлың болғанша» спектаклі қарағандылық көрермен назарына ұсынылды. Сахнадағы ұлттық театр майталмандарының өнері көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.