"ҰМЫТПАЙМЫЗ. МАҚТАН ТҰТАМЫЗ. ҚҰРМЕТТЕЙМІЗ"

"ҰМЫТПАЙМЫЗ. МАҚТАН ТҰТАМЫЗ. ҚҰРМЕТТЕЙМІЗ"

18 сәуір – ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық кеңес ассамблеясы бекіткен Дүниежүзілік ескерткіштер мен тарихи орындар күні.

Осы атаулы күнге орай, Алматы қаласының Алмалы ауданында жыл сайын "Ұмытпаймыз. Мақтан тұтамыз.
Құрметтейміз" атты патриоттық акциясы ұйымдастырылып келеді.

Қарашаңырақ – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры да аталмыш акцияға қатысып, белсенділік танытты. Театр алдында орналасқан Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ескерткішіне тағзым етіп, гүл қойды.

Шара аясында театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат" Ордендерінің иегері Болат Әбділманов, театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова, театрымыздың актері, “Серпер” сыйлығының лауреаты Алмас Шаяхметов, театрымыздың актері Мейрамбек Тағанов ұлттық театр репертуарындағы «Абай» спектаклінен үзінді өлеңдер оқып, театр артистерінен құралған хор «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

Ескерткіш маңына #67 мектеп оқушылары келіп, актерлердің өнерін тамашалап, өздері де Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз сөйледі.


Өзге жаңалықтар