2023 жылдың 7 қазанында сағат 17.00-де Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Үлкен залында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі, шертпе күйдің шебері, актер Әбікен Хасеновтың 130 жылдығына арналған еске алу кеші өтеді.
Шара барысында Ә.Хасеновтың өмір тарихы мен творчествосына арналған кітабының тұсауы кесіліп, Ұлттық театрдың мұражай қорынан көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарламамен жалғасады.
Әбікен Хасенов 1897 жылы Қарағанды облысы, Шет ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әбікен туып-өскен орта, арқадағы майталман күйші-домбырашылардың мекені болғаны, күйшілік дәстүрді айрықша пір тұтатыны барша қазаққа мәлім.
Алғаш домбырашылық өнерге баулыған әкесі Хасен, немере ағасы Мақаш, Ақмолда, Баубек және Қыздарбектен Тәттімбет Қазанғапұлының күйлерін үйренеді.
1934 жылы Әбікен қазақ әдебиетінің классигі жазушы Сәкен Сейфуллиннің көмегі тиіп Қазақтың драма театрына жұмысқа алынып, өмірінің соңына дейін сонда істейді. Әбікен көптеген батырлар мен билердің бейнесін сахнаға шығарды.
Xасенов театр сахнасында Құнанбай (М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайында"), Қараменде (Әуезовтің "Еңлік - Кебегінде"), Қодар, Балта (Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Мұса (С.Мұқановтың "Шоқан Уәлихановында"), Тайман (Ә.Тәжібаевтың "Майрасында"), т.б. образдар жасады.
Театр саласы бойынша арнайы білімі жоқ болса да, сомдаған образын өте жоғары деңгейде нанымды шығара білген. Актер Әбікен, М.Әуезовтің «Абайында» Құнанбай, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш Баян Сұлуында» Қодар, «Акан сері Ақтоқтысында» Балта, М.Ақынжановтың «Исатай мен Махамбетінде » Балқы. С. Мұқановтың «Шоқан Уалихановында» Мұса , Ә.Тәжібаевтың «Майрасында» Тайман бейнелерін нанымды сомдайды. Актерлік – оның қысқа өмірінде жарқыраған темірқазықтай болды.
Мұхтар Әуезов театрында Әбікен Хасеновтың 130 жылдығына арналған кеш өтеді (zhasalash.kz)