Премьералар апталығы

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында екінші рет өткізіліп отырған «Премьералар апталығының» тұсауы кесілді.Ұлттық театр сахнасында 2022 жылдың 23-26 ақпан аралығында төрт күн бойы бес спектакль (бір кеште екі моноспектакль) өз көрермендерін жағымды жаңалығымен қуантпақ. 

Премьера апталығының алғашқы күні – 23 ақпан күні сағат 17.00-де баспасөз конференциясынан бастау алды. Баспасөз конференциясына М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі – Асанәлі Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Еркін Жуасбек, «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясының қоюшы-режиссері – Аридаш Оспанбаева, «Қытайдан жеткен сәлемдеме» драмасының қоюшы-режиссері – Алена Қабдешова қатысты. 

Айта кететін жайт, ұлттық театр премьера апталығының аясында жағымды жаңалықтарымен бөлісіп, театрдың жаңа логотипі мен сайтының ресми таныстырылымын өткізді. Шара барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, жаңа қойылымдардың бүгінгі қоғам үшін маңызы, жанры мен стильдік ерекшеліктері, актерлік құрамы сынды мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, қатысушылар алда көрсетілімі болатын премьералар ұлттық театрдың репертуарына табысты спектакль болып енетініне сенім білдірді.

Баспасөз конференциясынан кейін сағат 18.30-да режиссер Аридаш Оспанбаева сахналаған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің (сахналық нұсқасын жасаған – Мадина Омарова) «Қан мен тер. Ақбала» трагедиясы көрерменге ұсынылды.


Өзге жаңалықтар

25 қараша
Хабарландыру
Театр – жаның жалаңаштанатын мекен
Актерлік өнер – адам бойынан мамандыққа деген адалдық пен махаббатты, шынайылықты талап ететін көпқырлы сала.
11 қараша
Хабарландыру
9 қараша
Хабарландыру
Тұңғышбай Жаманқұлов - 75 жаста: Әуезов театрында спектакльдер апталығы басталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай спектакльдер апталығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.