https://orda.kz/spektakl-kontrabas-noty-zjuskinda-chehova-pjaccolly-380851/


Өзге жаңалықтар

11 мамыр
Хабарландыру
ҒАСЫРЛЫҚ БЕЛЕС АЛДЫНДАҒЫ ӨНЕР САПАРЫ
2025 жылдың 12-23 мамыры аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларында гастрольдік сапармен өнер көрсетеді. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ең таңдаулы қойылымдарын Түркістан, Шымкент, Тараз көрерменінің назарына ұсынбақ, деп хабарлайды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының баспасөз бөлімі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылы «Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне» орай өткен салтанатты жиында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратының толығымен қайта жөндеуден өтетіні туралы мәлімдеген болатын. Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтой салтанатына орай, яғни 2026 жылы аяқталады. Театр ғимараты күрделі жөндеуге тапсырылғаннан кейін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының шығармашылық ұжымы республика аймақтары мен алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапарлармен барып, өзінің бірегей жұмыстары – спектакльдерімен қалың жұртшылықты қуантуда. Ғасырлық белес алдында жасалған өнер сапарында алыс-жақын шет аймақтар мен ел қалаларында ұлт театрының ең таңдаулы қойылымдары сахналанып келеді. Нақты айтқанда, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Қырғызстан мемлекеттері мен Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған сынды қалаларда гастрольдік сапармен болды. Театр ұжымының кезекті аялдамасы – Түркістан, Шымкент, Тараз шаһарлары болмақ. 2025 жыл 12-15 мамыр аралығында Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Түркістан қаласындағы Түркістан музыкалық драма театрында, 16-19 мамыр аралығында Шымкент қалалық орыс драма театрында, ал 20-23 мамыр аралығында А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында өнер көрсетеді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, сіздерді театрымыздың гастрольдік қойылымдарына шақырамыз! Ұлт театрының сүбелі қойылымдарынан қапы қалмаңыз!
17 маусым
Хабарландыру
Театр майталманы Торғын Тасыбекова өмірден өтті
Қазақ театрының мақтанышы, Қазақстанның Халық әртісі Торғын Тасыбекова 86 жасына қараған шағында дүниеден озды. Ол 1938 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. 1961 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының актерлік құрамына қабылданады. Өмірінің соңына дейін қазақ өнерінің қара шаңырағында қызмет етті. Әр алуан рөлдерде ойнап, өзінің көпқырлы орындаушылық өнерімен көрермендердің ілтипатына бөленді. Оның 200 -ге жуық рөлі, қазақ сахнасының қайталанбас мұрасына айналды.