М.О.Әуезовтің 125 жылдығына байланысты “Мұхтар Әуезовтің мұрасы және отаншылдық рухы” атты әдеби кеш

Бүгін Ұлттық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай қазақтың ұлы жазушысы М.О.Әуезовтің 125 жылдығына байланысты “Мұхтар Әуезовтің мұрасы және отаншылдық рухы” атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Аталмыш шараға театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылбек Боранбай, театрымыздың актрисасы, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова, театрымыздың режиссері Аридаш Оспанбаева қатысты.

Қатысушылар мен кеш қонақтары жазушының әдеби мұрасын талқылап, деректі фильмін тамашалады.

Әуезовтің терең де тағылымды шығармалары әлі қанша ғасырға азық болатыны жайында, біртуар қаламгердің қазақ әдебиетіндегі орны туралы тұшымды ойлар айтылды.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.