Мектеп оқушыларымен кездесу

Бүгін театрымыздың актрисасы, Қазақстан Республикасының Жастар Одағы сыйлығының иегері Баян Қажынәбиева мен театрымыздың актері Асан Мәжит сырласу бұрышында Еңбекшіқазақ ауданы, Тескенсу округі, Толқын ауылынан келген “Толқын” орта мектебінің 5-6 сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесу барысында сұрақтар қойылып, өнегелі әңгімелер айтылды. Оқушылар артистермен естелік суретке түсіп, театр мұражайымен танысты.


Өзге жаңалықтар

25 қыркүйек
Хабарландыру
13 қыркүйек
Хабарландыру
12 қыркүйек
Хабарландыру
Тарих шындығы – театр сахнасында
Қазақ театр өнерінің қара шаңырағы – М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының репертуары тағы бір тамаша қойылыммен толықты. Өткен аптада «Құйын» драмасы театр­сүйер қауымға жол тартты.