Театрдағы кездесу!

Бүгін театрымыздың артистері - Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова мен «Серпер» жастар сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркебұлан Дайыров “Ұлан” газетінің жас тілшілерімен кездесті.

Олар Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті “Ұлан” газетінің қолдауымен ұйымдастырған XLIX «Жас тілшілер» форумы аясында «Журналист болғың келе ме?» республикалық мектеп оқушылары арасында ең үздік шығармашылық жұмыстар байқауының жеңімпаздары.

Сырласу бұрышында артистер жас тілшілердің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, еркін әңгіме-сұхбат құрды.

Кездесуден кейін оқушылар “Бес бойдаққа бір той” комедиясын тамашалап, спектакльден ерекше әсер алып қайтты.


Өзге жаңалықтар

30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
26 мамыр
Хабарландыру