АСАНӘЛІ ӘШІМОВ - 85 ЖАСТА!

2022 жылдың 8 мамырында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қазақ өнерінің абызы, театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 85 жас мерейтойына арналған “ӨНЕРІМ - ӨМІРІМ” атты интерактивті спектаклі жоғары деңгейде өтті.

Мерейтойға келген қонақтар қатарында қазақ өнері, мәдениеті, әдебиетінің белді өкілдері, актердің өнердегі замандас-үзеңгілестері, шәкірттері, жақын-жолдастары бой көрсетті. Кеш басталмас бұрын көрермендер театр мұражай қоры ұйымдастырған “Тағдыры - өнер тарихы” көрмесін тамашалады.

Бұл кеш - бұрынғылардан өзгерек. Интерактивті спектакльге куә болған көрермендер өнері өміріне негіз болған аңыз актерге тілек-лебіздерімен қатар, көкейіндегі сұрақтарын қойып, театр сахнасы - ашық сұхбат алаңына айналды. Асанәлі Әшімовтің өнер жолындағы үлгі боларлық өмір жолы туралы әңгімелер айтылып, өнер тарланының 85 жылдық мерейтойы ерекше атап өтілді.

Сұхбатқа көрермен залындағылардан бөлек, еліміздің әр бұрышынан онлайн байланысқа шығып, сұрақ жолдағандар да көп болды. Тұщымды әңгімені театр артистерінің әсем әні әрлей түсті.

Абыз актермен еркін әңгімелескен көрермен бұл кештен ерекше әсер алып, мәдени, рухани демалып қайтты.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.