ҰЛТТЫҚ ТЕАТР - СЕМЕЙДЕ!

ҰЛТТЫҚ ТЕАТР - СЕМЕЙДЕ!

2022 жылдың 10 мамырында Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Семей қаласындағы гастрольдік сапарының баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияға М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Жанысбекова және семейлік жұртшылыққа ұсынылған “Абайдың жұмбағы” спектаклін сахналаған театрымыздың жас режиссері Әридаш Оспанбаева қатысты.

Пресс-конференциядан соң, семейлік көрермендер театрымыздың мұражай қоры ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған “Мұхтар Әуезов және ұлттық театр” атты көрмені тамашалады.

Сағат 17:00-де М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының «Абайдың жұмбағы» спектаклі семейлік көрермен назарына ұсынылды.

Спектакльден ұмытылмас әсерге бөленіп шыққан көрермендер ұлттық театр ұжымына ерекше ықыласын білдірді. Қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев ұлы жазушының есімін алған қазақтың бас театрына - жазушының жерлестері алдында өнер көрсеткен үлкен ұжымға алғысы мен жылы лебізін білдірді.

Сондай-ақ, “Абайдың жұмбағы” спектаклінің авторы әрі Абай ролін сомдаушы - театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" Орденінің иегері Болат Әбділмановты Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапаттады.

Естеріңізге сала кетейік, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының Семей қаласындағы өнер сапарының алдағы бағдарламасы төмендегідей:

🔹 11 мамыр
“Тендерге түскен келіншек”

🔹 12 мамыр
“Сыған серенадасы”

Ендеше, театрда жүздескенше!


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.