Өнер адамдарын алқалау керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан­ның халық әртісі» атағын қайтаруы – көптен күт­кен ұйғарым болды. Мен бұл мәсе­лені біраз уақыттан бері қозғап жүр­дім. Жалпы, өнер адамы алқалап, қоше­мет-құрмет көрсеткенді ұнататын қауым. Олар сол қолпаштау арқылы еңбе­гінің бағаланғанын сезінеді, шығар­ма­шылық тынысы кеңейеді.

Бұрын өнер атақтарына орынсыз тежеулер болды. «Қайраткер» дегенді шығарды. Оны, шынын айтқанда, жұрт­тың бәріне беретін болды. Біздің ұлт­тың менталите­ті­не сай өнерге бері­летін атақтарға үйренгенбіз. Ол солай болу керек деп ойлаймын. Айна­ламыздағы ТМД елдерінің бәрінде де «Халық әртісі» атағы бар. Ал бізде жөнсіз алынып тасталды. Сосын бәрі бей­берекет «қайраткер» атанды. Ақи­қатында, елге еңбек етіп жүрген біз бәріміз қайраткерміз. Бірақ нақ­ты қай саланың қайраткеріміз?.. Сондықтан әсіресе, өнер жасап жүр­ген шығармашыл жандарға «Қа­зақстанның халық әртісі» ата­ғы­ның қайтарылуы өте орынды. Ал «қайраткерлікті» оңтайлап, өзінің деңгейімен лайықты өз адамдары­на беру керек. Яғни продюсерлерге, ұйымдастырушыларға, тағы басқа да өнер адамдарының айналасында жүрген жандарға үлкен еңбегі үшін «қайраткер» атағын ­беруге болады.

Осы орайда «Халық әртісі» ата­ғы­мен қоса «Еңбек сіңірген әртісі» де­генді де қосу керек деген ұсы­нысым бар. Бұл санатқа жақ­сы жұмыс­тарымен елге танымал болып қалған әнші, музыкант, актер­лерді кіргізсе болады. Яғни бұл атақ жастарға шығармашылық қолдау ретінде жүзеге аспақ. Бұл оның одан кейін де жұлдыздай жар­қырай түсуіне, тынбай еңбек етуіне серпін болады. Ал «Халық әртісі» ата­ғының жөні де, жолы да бөлек. Әрине, оған қазақ өнерінің дамуына орасан зор үлес қосқан, тұлға­лық қасиетке жеткен өнер адамдары лайық.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ше­ші­мі дұрыс шешім болды. Өнер адам­­дарын залда отырып ду қол шапа­лақ­тағандай алқа­лап, ар­қа­сынан қағу керек. Мұн­дай марапаттар, ең ал­ды­мен өнер адам­дарының еңбе­гін елеу­ді біл­діреді. Сондай-ақ ол шығар­ма­шы­лықтың кең қанат жаюы­на, биіктеп ұшуына талпындырады.

 

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ,

Қазақстанның халық әртісі

https://egemen.kz/article/312814-oner-adamdaryn-alqalau-kerek


Өзге жаңалықтар

16 наурыз
Хабарландыру
Шынар Жанысбекова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі: Жасампаздық пен жаңарудың бастауы
Наурыз – барша қазақтың ерекше күтетін ғажап мерекесі, Ұлыстың ұлы күні. Өйткені бұл күні күн мен түн теңеседі, халық қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, Самарқанның көк тасы жібиді, жаңа жыл басталады.
15 наурыз
Хабарландыру
Есмұхан ОБАЕВ: Театрдың ары мен паспорты – режиссер
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты, актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Есмұхан ОБАЕВПЕН сұхбат.
9 наурыз
Хабарландыру
Болат Әбділманов: Қарындастан айрылған жаман екен, қаракөзден мөлтілдеп жас келеді
Ол елімізге Абай образымен танылған тұлға. Өзінің шығармашылық жолында елі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Болат Әбділмановпен сұхбатымыз қоғамдағы өзекті мәселелердің төңірегінде өрбіді.