Билеттер сайтта!

ҚҰРМЕТТІ КӨРЕРМЕН!

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры спектакльдерінің билеттерін https://auezov-theatre.kz/ сайтынан сатып алуға болатындығын хабарлаймыз.

Ол үшін:
1. https://auezov-theatre.kz/ сайтына кіріп, басты беттегі «АЙЛЫҚ АФИША» батырмасын басасыз.
2. Ұнаған спектакльді таңдап, «БИЛЕТ САТЫП АЛУ» батырмасын басу арқылы зал сызбасынан қатар мен орын таңдайсыз.
3. Қатар мен орынды таңдаған соң, «РӘСІМДЕУ» батырмасын басасыз.
4. Тапсырысты рәсімдеу үшін электронды пошта, телефон нөміріңізді және аты-жөніңізді енгізесіз.
5. «ТӨЛЕУ» бетінде банк карточкаңыз арқылы өзіңізге ыңғайлы жолмен төлем жасайсыз.
6. Енгізілген ақпаратқа сәйкес, сіздің электронды поштаңызға немесе телефоныңызға электронды билет келеді.
7. Спектакльге келерде билетіңізді міндетті түрде қағазға басып шығаруды ұмытпаңыз.

!!! Билеттер театр кассасынан және www.ticketon.kz сайтынан да сатылатынын ескертеміз.

Анықтама телефондары: 378-53-85; +7 775 320 8524

Ұлттық театрында жүздескенше, қымбатты көрермен!


Өзге жаңалықтар

16 наурыз
Хабарландыру
Шынар Жанысбекова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі: Жасампаздық пен жаңарудың бастауы
Наурыз – барша қазақтың ерекше күтетін ғажап мерекесі, Ұлыстың ұлы күні. Өйткені бұл күні күн мен түн теңеседі, халық қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, Самарқанның көк тасы жібиді, жаңа жыл басталады.
15 наурыз
Хабарландыру
Есмұхан ОБАЕВ: Театрдың ары мен паспорты – режиссер
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты, актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Есмұхан ОБАЕВПЕН сұхбат.
9 наурыз
Хабарландыру
Болат Әбділманов: Қарындастан айрылған жаман екен, қаракөзден мөлтілдеп жас келеді
Ол елімізге Абай образымен танылған тұлға. Өзінің шығармашылық жолында елі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Болат Әбділмановпен сұхбатымыз қоғамдағы өзекті мәселелердің төңірегінде өрбіді.