«Аңыз Асанәлі» атты кеш өтті!

Бүгін театрымыздың көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімовтің 85 жылдығына орай Абай атындағы ұлттық опера және балет театрында «Аңыз Асанәлі» атты кеш өтті.

Салтанатты кешке Парламент сенатының спикері Мәулен Әшімбаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және абыз актермен үзеңгілес зиялы қауым, еліміздің мәдениет пен әдебиетінің көрнекті өкілдері бой көрсетті.

Сондай-ақ, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет Қазақстанның кино және театр өнері саласында талмай еңбек етіп жүрген майталмандардың кәсіби деңгейін шыңдау, өнерге қосқан еңбегін бағалап, халық арасында насихаттау мақсатында «Асанәлі» жүлдесі табысталды.

Қазақ өнерінің ірі өкілдері өнер көрсетіп, ақ тілектерін жаудырған аңыз актердің 85 жас мерейтойы жоғары деңгейде өтті.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.