Асанәлі Әшімовтің ескерткіш мүсінінің тұсаукесері өтті

Бүгін Алматы қаласында актер, режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімовтің ескерткіш мүсінінің тұсаукесері өтті.

Мүсіннің ашылу салтанатына абыз актердің замандастары, әріптестері, отбасы, жақындары мен шәкірттері жиналды. Жиында Асанәлі Әшімов өнер мен мәдениетті қолдау қорының құрылтайшысы Мейіржан Оразбаев, өнер жанашыры, кәсіпкер Құндыз Нупов, Асанәлі Әшімовтің інілері Болат Мәдікенов пен Әмір Исмағұлов сөз сөйледі.

Мүсіннің лентасын ҚР Халық артисі Бақытбек Алпысбаев пен қоғам қайраткері Қайыргелді Қабылдин кесті.

Сонымен бірге, шара соңында белгілі ғалым Оразалы Сәбден қазақ өнерінің алыбы - Асанәлі Әшімовтің құрметіне орнатылған мүсіннің маңызын атап өтті.


Өзге жаңалықтар

25 қараша
Хабарландыру
Театр – жаның жалаңаштанатын мекен
Актерлік өнер – адам бойынан мамандыққа деген адалдық пен махаббатты, шынайылықты талап ететін көпқырлы сала.
11 қараша
Хабарландыру
9 қараша
Хабарландыру
Тұңғышбай Жаманқұлов - 75 жаста: Әуезов театрында спектакльдер апталығы басталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай спектакльдер апталығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.