Еркін ЖУАСБЕК, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының директоры: Серпіліс пен тың бастама

Бүгін ел тарихындағы саяси оқиға  референдумға №208 сайлау учаскесіне барып өз даусымды бердім.  Бұл күні еліміздің барлық сайлау учаскелерінде бір серпіліс пен тың бастаманың лебі байқалып тұрды.

Сайлауға келген әрбір азамат өзінің азаматтық міндетін мойындап, өз елінің өсіп – өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосамын деген ниетте болғаны ақиқат.

Өзімізге естелік болсын деп, суретке түстік. Өйткені 1995 жылдан кейінгі жалпыхалықтық маңызды референдум өтіп отыр. Дауыс беріп,  саяси науқанға үлесімді қосу азаматтық борышым деп білемін.

Референдумда дауыс беру жұмысы бұл учаскеде жоғары деңгейде ұйымдастырылып жатыр деп толық сеніммен айтуға болады.

Осы жасалған қадам халқымыз үшін құтты һәм қайырлы болғай!


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.