"Театр ісіндегі жаңалықтар"  атты семинар өтті

Бүгін М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Премьералар апталығы»  аясында «Самат Шоу Техник» компаниясымен бірлескен «Театр ісіндегі жаңалықтар»  атты семинар өтті. 

Семинарға театр басшылары мен техникалық бөлім қызметкерлері қатысты. Компанияның техникалық директоры А.Алеев пен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  жүйелік интеграция басқармасының бастығы А.Қазанбаев бүгінгі таңдағы театр технологиясындағы болып жатқан жаңалықтарды ортаға салды. 

Сонымен қатар, театрларды ең тиімді жарықтандыру жүйелерімен, әмбебап театр сахнасының механикасымен, дыбыстық аппаратура және бейне проекторлар сынды жаңа технологиялардың мүмкіншіліктерімен таныстырды.


Өзге жаңалықтар

30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
26 мамыр
Хабарландыру