Райымбек Сейтметовке ескерткіш тақта ашылды!

Бүгін Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Райымбек Ноғайбайұлы Сейтметовтің 1975-2007 жылдар аралығында тұрған үйінде қойылған ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті. Аталмыш шараға КСРО Халық артисі, театрымыздың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, театр директоры Еркін Жуасбек, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай әл-Тарази, актердің балалары және театрымыздың актерлері Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова, жазушы-драматург Дулат Исабеков пен театрымыздың үлкен буын актерлері естеліктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.