Министрмен кездесу!

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының қызметкерлерімен кездесіп, Ұлттық театрда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жайында мәжіліс өткізді. Сонымен қатар, министр Дәурен Абаев пен вице-министр Нұрғиса Дәуешов театрымыздың Кіші залында «Ұлттық» статус алған мекеме ұжымдарымен жүздесті. Жиын барысында Министрлік жетекшілік ететін салалардың өзекті мәселелері және оларды шешудің тиімді жолдары қарастырылып, халыққа қызмет көрсету турасында «Ұлттық» мәртебеге ие болған өнер ордаларына қатысты нақты мақсаттар қойылды.


Өзге жаңалықтар

25 қараша
Хабарландыру
Театр – жаның жалаңаштанатын мекен
Актерлік өнер – адам бойынан мамандыққа деген адалдық пен махаббатты, шынайылықты талап ететін көпқырлы сала.
11 қараша
Хабарландыру
9 қараша
Хабарландыру
Тұңғышбай Жаманқұлов - 75 жаста: Әуезов театрында спектакльдер апталығы басталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай спектакльдер апталығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.