“Театр және әдебиет” атты жаңа драматургия мен жаңа прозалар тақырыбын қамтыған лекция

Бүгін М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында «Премьералар апталығы» аясында “Театр және әдебиет” атты жаңа драматургия мен жаңа прозалар тақырыбын қамтыған лекция өтті. 

Лекцияны белгілі театртанушы, өнертану кандидаты Амангелді Мұқан жүргізді. Сонымен қатар, театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, директор орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас Толғанбай, әдебиеттанушы, сыншы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова, драматург Қолғанат Мұраттың қатысуымен лекция аясында қазіргі драматургия мәселесіне қызу талқылау жасалды. 

Жас драматургтер, театртанушылар, әдебиетшілер мен қаламгерлер қатысқан отырыста бүгінгі театр мен драматургияның, заманауи әдебиеттің даму үрдістері жайында сөз қозғалып, тұшымды ойлар айтылды.


Өзге жаңалықтар

25 қараша
Хабарландыру
Театр – жаның жалаңаштанатын мекен
Актерлік өнер – адам бойынан мамандыққа деген адалдық пен махаббатты, шынайылықты талап ететін көпқырлы сала.
11 қараша
Хабарландыру
9 қараша
Хабарландыру
Тұңғышбай Жаманқұлов - 75 жаста: Әуезов театрында спектакльдер апталығы басталды
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тұңғышбай Жаманқұловтың 75 жасқа толуына орай спектакльдер апталығы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.