Адамзаттың басына түскен трагедияның бірі – тілсіз жау.

Адамзаттың басына түскен трагедияның бірі – тілсіз жау. Аз уақыт бұрын Қостанай облысындағы елді мекендерді жалмаған өрттің орын алғаны да ел қабырғасын қайыстырмай қоймасы анық. Ол – халықтың наны, тіршілігі. Қиын қыстау кезеңде қашанда халқымен бірге жасайтын Мемлекет басшысының бұл тұстағы да көрегенділігін айта кету керек. Табиғи апатқа қарамастан, Қостанай облысына арналған жұмыс сапарын жүзеге асырғалы отыр. Сонымен қатар, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына жоспарланған іс-шаралардың мезгілсіз оқиғаның орын алуына байланысты кейінге қалдырылуы заңды. Өйткені, айтып келмейтін мұндай төтенше жағдайда той тойлап қарап отыруға болмайды. Сондықтан, жағдайды реттеу үшін арнайы жедел штаб ұйымдастырылып, жағдайды толық бақылауда ұстап, басы-қасында жүр. Қалпына келтіру жұмыстары бойынша бірнеше тапсырма беріп, гуманитарлық көмек көрсетіп, ликвидацияға қаражат бөліп жатқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлын осы ретте де қолдайтынымызды жеткізу керек деп есептеймін.

Құрметпен, М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Асанәлі Әшімов


Өзге жаңалықтар