Асанәлі Әшімов: Ұранмен емес, жаңа іспен өсуіміз керек

Қазақстанның Еңбек Ері, кино және театр әртісі Асанәлі Әшімов те Жолдау жайында пікір білдірді.

«Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауындағы кезектен тыс сайлау, 7 жылдық мерзімге сайлау – бұлар құлаққа қонатын әңгіме. 7 жыл - қызмет істейтін іскер адамға аз  мерзім емес. Қазақ ұғымында 7 деген киелі сан. Ұлыларымыздың да айтып кеткен сөздері бар. Президенттің осыған қатысты ойы, көзқарасы ұнайды. Ғылым академиясын орнына қою жақсы бастама. Әсіресе, Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі балаларың есебіне қаржы аударып отыру – ата-ана үшін үлкен көмек. Ұлы мәселенің өзі кішкентай нәрседен басталады», – деді Асанәлі Әшімов.    

Сондай-ақ Халық әртісі жалған ұран сөзбен емес, іспен дәлелдейтін уақыт жеткенін айтады.

«Қазақстан жан-жақты жаңаруы керек. Ұранмен емес, жаңа іспен өсуіміз керек. Талай қиыншылықтан халқым өтер, бірақ қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман келер деп еді бабаларымыз. Сол заман келген болуы керек. Халықтың әл-ауқаты, мәдениеті, әдебиеті, ғылымы өсіп жатыр. Ғылым академиясы соған дәлел. Біздің Президентіміз дипломат, сауатты, қарапайым, сонысымен халыққа ұнайды», – деді Асанәлі Әшімов.

https://almaty-akshamy.kz/asanaeli-aeshimov-yranmen-emes-zhana-ispen-osuimiz-kerek


Өзге жаңалықтар

16 наурыз
Хабарландыру
Шынар Жанысбекова, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі: Жасампаздық пен жаңарудың бастауы
Наурыз – барша қазақтың ерекше күтетін ғажап мерекесі, Ұлыстың ұлы күні. Өйткені бұл күні күн мен түн теңеседі, халық қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, Самарқанның көк тасы жібиді, жаңа жыл басталады.
15 наурыз
Хабарландыру
Есмұхан ОБАЕВ: Театрдың ары мен паспорты – режиссер
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының лауреаты, актер, театр режиссері, театр қайраткері, профессор, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» платина сыйлығының лауреаты, «Барыс», «Парасат» ордендерінің иегері, Есмұхан ОБАЕВПЕН сұхбат.
9 наурыз
Хабарландыру
Болат Әбділманов: Қарындастан айрылған жаман екен, қаракөзден мөлтілдеп жас келеді
Ол елімізге Абай образымен танылған тұлға. Өзінің шығармашылық жолында елі үшін аянбай қызмет етіп келеді. Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актері Болат Әбділмановпен сұхбатымыз қоғамдағы өзекті мәселелердің төңірегінде өрбіді.