97-ТЕАТР МАУСЫМЫНЫҢ АШЫЛУЫ! ПРЕМЬЕРА!

2022 жылдың 11 қазан күні Ұлттық театр 97-маусымын М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясымен ашады.

«ҚАРАГӨЗ»
/трагедия/
Авторы: КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері М. Әуезов
Ұзақтығы: 2 сағат
Жас санаты: 12+
Премьерасы: 2022 жыл, 11 қазан

Атақты «Қарагөз». Оны әр ұрпақ өзінше зерделейді. Бүгінгі таныммен, бұл – аталас жақындығы бар Қарагөз бен Сырымның ұлттық дәстүрге кереғар махаббат трагедиясы ғана емес, уақыт пен қоғам трагедиясы. Жан шырылын ешкім естімей, Қарагөз ақыры өмірден баз кешеді... Әрқайсысының өз шындығы бар кейіпкерлер бәрі жеңіліс табады. Неге? Мұншалықты қасіретке жол бермеу мүмкін бе еді? Адамның жан дүниесіне терең үңілтетін қойылым бүгінде аса өзекті өзге де күрделі сауаларды алға тартады.

Қоюшы-режиссері: Е.Нұрсұлтан
Қоюшы-суретшісі: М.Сапаров
Киім суретшісі: А.Сырбаева
Композиторы: Б.Нұрқасымов
Балетмейстер: Ш.Мустафина
Режиссердің көмекшісі: С.Гениярова


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.