97 - театр маусымы ашылды!

2022 жылдың 11 қазанында қарашаңырақ - М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 97- маусымының ашылуы аясында М.Әуезовтің 125 жылдығына орай қойылған «Қарагөз» трагедиясының премьерасын ұсынды. Қойылымның қоюшы-режиссері – Елік Нұрсұлтан

Сағат 17.00-де өткен баспасөз мәслихатына М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, КСРО Халық артисі А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Е.Жуасбек, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының режиссері  Е.Нұрсұлтан, М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының қоюшы-суретшісі  М.Сапаров және М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Тұрыс қатысты. 

Шара барысында спикерлер БАҚ өкілдерінің көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, ұлттық театрдың алдағы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, жаңа қойылымның бүгінгі қоғам үшін маңызы, көркемдік ерекшелігі, актерлік құрамы сынды мәселелері талқыланды. Сонымен бірге, қатысушылар  премьерасы өтіп жатқан «Қарагөздің» ұлттық театрдың репертуарына табысты спектакль болып енетініне сенім білдірді.

Баспасөз конференциясынан кейін сағат 18.00-де Ұлттық театрдың мұражай қоры ұйымдастырған М.Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар Әуезов және Ұлттық театр» көрмесі өтті.

Сағат 18.30-да ұлттық театр көрермендері М.Әуезовтің «Қарагөз» спектаклін тамашалады. Адамның жан дүниесіне терең үңілтетін қойылым бүгінде аса өзекті өзге де күрделі сауаларды алға тартады. Премьераға жиылған жұрт әкемтеатр өнерін биік бағалап, құрмет-қошеметін тарту етті.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.