Өнер қайығындағы екеу

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Театрымыздың актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Айдос Бектемірдің “Өнер қайығындағы екеу” атты кітабының тұсаукесері өтті. Автор бұл кітабын өзі мен жұбайы - актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жібек Бектемірдің өмірі мен өнеріне, өткен күндердің естелігіне арнаған.

25 ақпан күні Ұлттық кітапханада өткен тұсаукесер рәсіміне академик Тілектес Есболов, Айдос Бектемірдің жақын-жолдастары, ұстазы, студенттер мен оқушылар арнайы қатысып, куә болды.


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.