ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

13-17 қазан аралығында өткен ҚР Мемлекеттік және платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабековтің 80 жасқа толған мерейтойына арналған II халықаралық «ИСАБЕКОВ ӘЛЕМІ» театр фестиваліне М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры «Жүзжылдық махаббат» спектаклімен қатысып, олжалы аяқтады.

Театрымыздың актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәрия Жүсіп Зылиха ролі үшін - «ҮЗДІК АКТРИСА», театрымыздың актері, «Серпер» сыйлығының лауреаты Алмас Шаяхметов Мағжан ролі үшін - «ҮЗДІК АКТЕР» номинацияларын жеңіп алды. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы атынан театрымыздың қос артисін құттықтай отырып, мәдениет пен өнер саласындағы қызметіне жеміс тілейміз! Қашанда абыройларыңыз артып, ұлттық театр мәртебесін асқақтата беріңіздер, құрметті әріптестер!


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.