АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ VIII ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ ШЫМЫЛДЫҒЫН ТҮРДІ

Бүгін Алматыда Орталық Азия елдерінің VIII халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді.

Бұл жолғы дәстүрлі шара қазақтың заңғар жазушысы  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды. Өнер сайысына 60-қа тарта қойылым ұсынылған. Іріктеу комиссиясы соның 11-ін ғана таңдап алды. Онда отандық театрлардан бөлек, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан елдерінен келген ұжымдар да бақ сынайды. Ел атынан төрт бірдей спектакль сомдалмақ. Атап айтқанда,  Мұхтар Әуезов театры «Қан мен тер» драмасын, Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Шағала» трагедиясын ұсынады. Ал, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры «Дон Кихот» трагикомедиясын, Ақмола облыстық драма театры «Көксерек» спектаклін  қояды. Сонымен қатар, фестиваль аясында «Қазақстан сценографтарының»  көрмесі мен  жекеменшік театрлардың  көрсетілімі SHOWCASE ұсынылады. Өнер додасы 7-ші қарашаға дейін жалғасады. Фестиваль Мұхтар Әуезовтың әйгілі "Қарагөз" трагедиясымен ашылды. Еркін Жуасбек, М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының директоры: - Фестивальде түрлі бағдарлама бар. Соның бірі SHOWCASE бағдарламасы деп аталады. Тек мемлекеттік театрлар өркендеп қоймасын, жекеменшік тетрларға да көңіл бөлінсін деген ниетпен әлемнің 10 елінен Ангиядан, Индиядан қазір театр продюсерлерін шақырып отырмыз. Ол кісілер келіп қойды. Бүгіннен бастап Алматыдағы кәсіпқой театрларды да,  жекеменшік театрларды да көреді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/m-denie/item/571159-almatyda-ortaly-aziya-elderini-viii-teatr-festivali-shymyldy-yn-t-rdi


Өзге жаңалықтар