VIII Орта Азия елдерінің халықаралық театр фестивалі Алматыда

Фестиваль құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет Комитеті болып табылады. Мақсаты – Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттердің  театр өнері саласындағы ынтымақтастығы мен достық байланыстарын нығайтып,  театр өнерінің  көркемдік көкжиегін кеңейту,  ізденістерді қолдау, шығармашылық идеялар алмасу, Орталық Азия театрларының біртұтас кеңістігін жасауға бет бұру. Фестивальға Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан театрлары қатысып, өнер көрсетеді.

Фестиваль аясында отандық сценографтардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Қазақстан сценографтары» көрмесі және тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған  қазақстандық (алматылық) жеке театрлар мен мәдени алаңдардың шығармашылығындағы үздік спектакльдердің көрсетілімі  –қазақстандық SHOWCASEұсынылады.

https://standard.kz/kz/post/viii-orta-aziya-elderinin-xalyqaralyq-teatr-festivali-almatyda


Өзге жаңалықтар

31 мамыр
Хабарландыру
Елу жылдан кейінгі кездесу
Қазақ театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалып­тастырып халық құрметіне бөленген дарынды әртістер аз емес. Дегенмен, ғасырға жуық саналы ғұмырын қарттық келіп, қамытын кигізсе де қажымай-талмай сахнада өткізіп келе жатқан Ғайникамал Байқошқарованың орны айрықша.
30 мамыр
Хабарландыру
Екеуміз... Қоғам шындығы...
М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында 2023 жылдың 18 мамыр күні Ұлттық театр музейіне - 55 жыл толуына орай МУЗЕЙ ТҮНІ шарасы өтті.
30 мамыр
Хабарландыру
Әуезов театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті
28 мамыр күні Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясының премьерасы өтті. Шығарма авторы — М. Задорнов. Қойылым режиссеры – Қ. Мамытқалиев.