Жаңалықтар

20 наурыз
Хабарландыру
ҰЛТТЫҚ ТЕАТРДА - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ
Халқымыз қуаныш пен шаттыққа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл күнде мәре-сәре болып, Жаңа Жыл - Әз Наурыз мерекесін алыс-жақыннан жиылып, қуана бірге қарсы алып келеді. Қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, бір-бірімен жүздескеніне риза болып, қол алысып, төс қағысады. Хал сұрасып, амандық тілеседі. 
16 наурыз
Хабарландыру
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
2022 жылдың 16 наурызында А.П.Чехов атындағы Алматы қалалық кітапханасында театрымыздың әдебиет бөлімінің қызметкері, жазушы-драматург Қолғанат Мұраттың "Пони" атты пьесалар жинағының тұсаукесері өтті. 
16 наурыз
Хабарландыру
Президент жолдауы
2022 жылдың 16 наурызында Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасады. Ауқымы кең, мазмұны бөлек жолдаудың Жаңа Қазақстанды құру жолында маңызы жоғары. Президентіміз өз сөзінде тек біржылдықтағы ғана емес, ел болашағының жарқын болуына кең көлемдегі жоспарларын қамтыды.
15 наурыз
Хабарландыру
Курсанттар қонақта
Бүгін театрымызға Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі М.Есболатов атындағы академия курсанттары келіп, сырласу бұрышында театр артистерімен кездесті.
12 наурыз
Хабарландыру
Меморандумға қол қойылды
2022 жылдың 12 наурызында М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті арасында мәдени ынтымақтастықты орнату туралы меморандумға қол қойылды. 
2 наурыз
Хабарландыру
Шекарашылар қонақта
Бүгін алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Комитетінің Шекара академиясының білім алушылары М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында қонақта болды. 
27 ақпан
Хабарландыру
ҰЛТТЫҚ ТЕАТРДА – ПРЕМЬЕРАЛАР АПТАЛЫҒЫ ӨТТІ
Қарашаңырақ – М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында екінші рет өткізіліп отырған «Премьералар апталығы» өз мәресіне жетті. Ұлттық театр сахнасында 2022 жылдың 23-26 ақпан аралығында төрт күн бойы бес спектакль (бір кеште екі моноспектакль) көрерменге ұсынылып, ыстық ықыласына бөленді. 
26 ақпан
Хабарландыру
Өнер қайығындағы екеу
Театрымыздың актері, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Айдос Бектемірдің “Өнер қайығындағы екеу” атты кітабының тұсаукесері өтті.
26 ақпан
Хабарландыру
139 мектеп оқушыларымен кездесу
Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат" Ордендерінің иегері Болат Әбділманов Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына байланысты #139 мектеп оқушыларымен кездесті. 
1 2 ... 7 8 9 10 11 12