27 маусым
Хабарландыру
Сахнада — «Менің Мұстафам»
Былтыр қазақ драматургтерін қолдап, театр репертуарын жаңа тақыптардағы тың туындылармен толықтыру мақсатында М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры ұйымдастырған «Монодрама» байқауында «Үздік тарихи монодрама» номинациясында белгілі ақын Қасымхан Бегмановтың «Менің Мұстафам», «Заманауи монодрама» бойынша Ақмоншақ Ахметтің «Бейтаныс таныстар», Серік Нұғыманның «Жан алқым», «Инсценировкалық монодрама» аталымында Дидар Амантайдың «Біреудің өмірі» атты туындысы жеңімпаз атанған еді.