11 қараша
Хабарландыру
Театрдың дамуы үшін кәсіби сын керек
Жуырда Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында Орталық Азия елдерінің VIII Халықаралық театр фестивалі болып өтті. Айтулы шараға елімізден бөлек, Татарстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстаннан келген театр ұжымдары қатысты. Фестиваль барысында өткір пікір айтып, сыни ойларымен ерекше көзге түскен әділқазылар болды. Солардың бірі – ресейлік кәсіби театр сыншысы, өнертану ғылымының кандидаты, профессор, «Петербург театр журналының» бас редакторы Марина Дмитревская. Біз танымал театр сыншысына жолығып, лебіздесіп қалуға асықтық.