Ақмолда Айгүл Сұлтанбайқызы

Ақмолда Айгүл Сұлтанбайқызы

Өмірбаян

«Кадр жұмысы және құжаттама» бөлімінің басшысы

1971 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Тәтті совхозында дүниеге келді.

1989 жылы Алматы коммерциялық техникумына түсіп, 1992 жылы аталған техникумның толық курсын "Саудадағы бухгалтерлік есеп" мамандығы бойынша бітіріп, "Сауда бухгалтері" біліктілігі берілді.

1990 - 1992 жж. Жамбыл облысы, Меркі байланыс торабында бақылаушы лауазымында жұмыс істеді.

1994 -1996 жж. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің Іс басқармасының инспекторы лауазымында жұмыс істеді.

1996 - 1997 жж. Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде Қаржылық жоспарлау және талдау бас басқармасының Талдау және реформалар барысы бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметшінің он екінші біліктілік санаты бекітілген.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті (НарХоз) жанындағы Еуразиялық нарық институтына түсіп, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын "Бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша бітіріп, "Экономист" біліктілігі берілді.

1998 - 2013 жылдары М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бухгалтер болып жұмыс істеді.

2013 жылдан бастап «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК Кадр жұмысы және құжаттама бөлімінің басшысы болып жұмыс істейді.


Жетістіктері:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.)

«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері (2020 ж.)

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің иегері (2021 ж.)