Бөпежанова Әлия Қахарманқызы

Бөпежанова Әлия Қахарманқызы

Өмірбаян

Әдеби редактор

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012 ж.), Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003 ж.), "Сахнагер" Ұлттық театр сыйлығының иегері "Үздік сыншы" (2018 ж.), "Құрмет" орденінің иегері (2021 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.)

1952 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылында дүниеге келген.

Қазақ ұлттық Қыздар педуниверситеті филология факультетiн, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті аспирантурасын (1978 ж.) бітірген. Белгілі театр сыншысы, КСРО Театр қайраткерлері одағының Әлеуметтану және сын орталығы жетекшісі В.Я.Калиш шеберханасынан дәріс алған (1989-1990 жж.).

М.Әуезов атындғы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімі меңгерушісі (1993-1998 жж.); 2008 жылдан әдеби кеңесші болып қызмет етеді.


М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрындағы жұмыстары:

инсценировка - «Біржанның соңғы әні», драма - А.Сүлейменовтің «Адасқақ» циклы бойынша сахналық нұсқа (реж. Ә. Рахимов, 2017 ж.)

аудармалары – «Еділ қаған» («Еділ патша» - Е.Замятин, тарихи драма, реж.Ю. Коненкин, 1996 ж.), «Әли баба және қырық қарақшы» (мюзикл, либретто В.Смехов, музыка С.Никитин, В.Берковский, реж.Т.Аралбай, 1998 ж.), «Апалы - сіңлілі үшеу» (А. П. Чехов, драма, реж. Р. Андриасян, А. Кәкішева, 2013 ж.), «Отелло» - (У. Шекспир, трагедия, реж. Н.М. Птушкина, 2014 ж.), «Атилла мен Аэций» (Г. Томский, тарихи драма, реж. А.Кәкішева, 2019 ж.). «Шолпанның күнәсі» - қазақ тілінен орысшаға аударма (М.Жұмабаев, сахн. нұсқа Ә. Тарази, реж. Қ. Сүгірбеков, 1997 ж.)


М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, сахнагерлері туралы кітаптары мен кітап жобалары:

кітаптары – «Өнер – жеке тәжірибе» («Жібек жолы» баспасы, 2008 ж.),

«Сахна сәулесі» («Алматы-Болашақ» АҚ, 2020 ж.)

кітап жобалары – «Фарида Шәріпова» (2006 ж.), «Әнуар Молдабеков» (2007 ж.),

«Есболған Жайсаңбаев» (2010 ж.), «Есмұқан Обаев» (2011 ж.), «Хабиба Елебекова» (2012 ж.), «Торғын Тасыбекова» (2013 ж.) - барлығы да «Әйгілі адамдар» сериясымен «Өнер» баспасынан жарық көрді.