Кәкішева Алма Жұмашқызы

Кәкішева Алма Жұмашқызы

Өмірбаян

Қоюшы-режиссер

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалінің иегері (2016 ж.)

1959 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген.

1978 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы екі жылдық студияны,

1994 жылы Т. Жүргенов атындағы Театр-көркемсурет институтының (қазіргі Өнер академиясы) «Кино және драма» бөлімін және 2004 жылы режиссура мамандығы бойынша магистратураны оқып бітірген.

1994жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

2004 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.


Актерлік жұмыстары:

М. Метерлинк «Соқырлар», М. Мақатаев «Қош, махаббат», Иран-Ғайып «Шыңғысхан», А. Тасымбеков, Қ. Ысқақ «Кебенек киген арулар» (барлығының режиссері Б. Атабаев), режиссер Қ. Сүгірбеков «Шолпанның күнәсі» (М. Жұмабаев, сахналық нұсқа: Ә. Тарази), «Құбылыс» (Ф.Кафка, сахналық нұсқа: Е. Аманшаев), «Қуыршақ үй» (Г. Ибсен) сынды эксперименттік қойылымдарында рөлдер ойнаған; «Ымырттағы махаббатт» (Г. Гауптман, ауд. Қ. Ысқақ, реж. Р. Андриасян) – Беттина, «Ат жылаған түн» (Т. Мурод, реж. О. Салимов) – Айсұлу, «Күзгі романс» (С. Асылбеков, реж. Н. Жұманиязов) – Айсұлу, «Сұлу мен суретші» (Т. Ахметжан, Н. Жақыпбай) – Нұрғайша, «Үйлену» комедиясында (Гоголь, ауд. О. Қыйқымов, реж. В. Захаров) – Фекла Ивановна рөлдерін сомдады.

Режиссерлік қойылымдары:

Т. Жуженоглы «Көшкін» (ауд. О. Қыйқымов),

С. Асылбекұлы «Империядағы» кеш»,

Д. Кобурн «Жынойнақ» (ауд. Е. Аманшаев),

А.Чехов «Апалы - сіңлілі үшеу» (ауд. Ә. Бөпежанова),

Ғ.Есімов «Таңсұлу»,

Д.Исабековң «Жүз жылдық махаббат»,

І.Есенберлин «Алмас қылыш» (сахналық нұсқа: Ә. Бағдат),

М.Омарова «Көмбе нанның дәмі»,

Г. Томский «Атилла мен Аэций» (ауд. Ә. Бөпежанова)


Республика театрларында:

«Шығармашылық жалғыздық» (А. Камю және Шәкәрім),

М. Мақатаев шығармалары бойынша қойылым (дипломдық спектакль),

Ә. Әмзеұлының «Қор болған Қодар - ай» фантасмагориясы (Жамбыл облыстық драма театры);

Мольер «Ақымақ болған басым - ай!» комедиясы (ауд. А. Сүлейменов,

«Ақ сарай» театры),

М. Омарова «Жолаушы», «Жалт еткен бір сәуле» драмалары (БҚО театры).


Фильмография:

«…Ресей ана» (режиссері Р. Әлпиев), «Теміртау»