Қоюшы-режиссер
1988 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
2010-2015 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын режиссура мамандығы бойынша оқып бітірген. Аталмыш оқу орынының режиссура мамандығы бойынша магистранты.
2015-2017 жж. Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов атындағы драма театрында қызмет атқарды.
2019 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық құрамына қабылданды.
Режиссерлік қойылымдары:
М.Баджиев «Жекпе-жек»,
Ә.Кекілбаев «Шыңғысхан»,
А.Чернеевский «Камертон» қойылымдарын сахналады.