1987 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.
2004-2008 жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының «актер шеберлігі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2010 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Б.Брехт «Көкектің әні» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Виксен,
Қ.Мұрат «Бақыт кілті» (реж. Е.Обаев) – Асия,
Г.В.Томский «Аттила мен Аэций» (реж. А.Кәкішева) – Кере-Ко.
Кинодағы рөлдері:
«Көкжалдар», «Анаға апарар жол», «Үй болу қиын», «Кеңесшілер» және т.б. фильмдер мен телехикаяларда рөлдер сомдады.