1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2001-2005жж. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында «Музыкалық театр және эстрада артисі» мамандығы бойынша оқып бітірді.
2017 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.
Театрдағы рөлдері:
Ғ.Мүсірепов «Махаббат дастаны» (реж. Қ.Сүгірбеков) – Қодар,
А. Сүлейменов «Адасқақ» (реж. Ә. Рахимов) – Ақан Сері,
Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» (реж. Д.Жұмабаева) – Мәңгүрт,
Иран-Ғайып «Сүйінбай» (реж. М.Ахманов) – Хан Кене,
А.Сүлейменов «Біржанның соңғы әні» (реж. Ә.Рахимов) – Ақан,
Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» (реж. Е.Нұрсұлтан) – Бекежан,
А.Володин «Қоштасқым келмейді» (реж. А.Маемиров) - Козлов,
Р.Отарбаев «Бейбарыс Сұлтан» (реж. Ю.Ханинга-Бекназар) - Хуан уәзір,
А.Чехов «Сүйікті менің ағатайым» (реж. А.Маемиров) - Астров,
Кинодағы рөлдері:
«Тараз», «Оралман из Питера», «Весь мир у наших ног», «Талан», «Неделимое», «Ең сұлу қыз», «Жел қызы», «Құсайыновтар. Өмір жолы», «Кино по-понятиям», «Өгей жүрек» фильмдеріне түскен.