Әшімов Асанәлі

Әшімов Асанәлі

Өмірбаян

М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі

2017ж. Қазақстан Республикасының Еңбек Ері, 1985ж. КСРО және Қазақстанның халық артисі.

1937 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында туған.

КСРО және Қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор.

Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті.

1956-1961жж. Қазақ Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясының театр факультетін актер мамандығы бойынша бітіріп, «Қазақфильм» киностудиясына актерлік штатқа қабылданды.

1964ж. М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

2014ж. бері қазіргі уақытқа дейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының Көркемдік жетекшісі қызметін атқарып келеді.

Театрдағы рөлдері:

М. Әуезов «Абай» –Керім,

М.Әуезов «Еңлік–Кебек»– Кебек,

М.Әуезов «Қара қыпшақ Қобыланды» –Айшуақ,

М.Әуезов «Таңғы жаңғырық» –Жарасбай,

Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш–Баян сұлу» –Қодар,

Қ. Мұхамеджанов, Ш. Айтматов «Көктөбедегі кездесу»– Иосиф Татаевич,

У. Шекспир «Юлий Цезарь»– Юлий Цезарь,

М. Фриш «Дон Жуанның думаны» –Дон Жуан,

Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» –Еламан,

И. Вовнянко «Апат»– Асан,

Г. Гауптман «Ымырттағы махаббат» – доктор Клаузен, т.б.

Кинодағы рөлдері:

«Ән қанаты» –Қаймен,

«Қыз Жібек» –Бекежан,

«Атаманның ақыры» мен «Транссібір жүрдек пойызы» –Қасымхан Шадияров,

«Жаушы» –Қаражал,

«Нан дәмі» –Директор,

«Қазақы оқиға» –Өмірбай шал,

«Сіз кімсіз, К. мырза?» – К. мырза,

Б.Мансұровтың көп сериялы «Бұлғарлар туралы баян» фильмінде –Шыңғысхан, т.б.

Режиссерлік жұмыстары:

Ғ. Мүсірепов «Амангелді»,

И. Оразбаев «Мен ішпеген у бар ма?»,

Ж. Аймауытов «Ақбілек»,

Н.Гоголь «Ревизор»,

Н. Хикмет «Фархад – Шырын»,

И.Вовнянко «Қаза мен жаза» , т.б.

«Қазақфильм» киностудиясында түсірген фильмдері:

«Аждаһа жылы» (1981),

«Шоқан Уәлиханов» (1985),

«Жусан» (1986),

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» (1992),

«Тұзды көл жағасындағы үй», т.б.



Марапаттары:

2017ж. Қазақстанның Еңбек Ері,

2000ж. «Платинды Тарлан» тәуелсіз сыйлығының лауреаты,

2001ж. «Отан» ордені,

2003ж. «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің лауреаты,

2007ж. «Парасат» ордені,

2007ж. «Құрмет» ордені,

2008ж. «Астанаға 10 жыл» медалі,

2012ж. ҚР Мәдениет министрлігінің «Қазақстан Мәдениет саласының Үздігі» төсбелгісі,

2014ж. І дәрежедегі «Достық» ордені,

2016ж. «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі,

2018ж. "Астана 20 жыл" мерекелік медалінің иегері

2021ж. "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30жыл" мерекелік медалінің иегері.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін медалі,

ҚР тұңғыш президенттік степендиясының бірнеше мәрте иегері,

ҚР мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік степендиясының бірнеше мәрте иегері.

КСРО марапаттары:

Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі,

1973ж. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

1974ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері,

1976ж. Қазақ КСР халық артисі,

1980ж. КСРО халық артисі,

КСРО-ның «Еңбек ардагері»медалі,

КСРО-ның бірнеше мәрте кинофистивальдерінің жүлдегері.

Халықаралық марапаттары:

2007ж. Ресейдің Ломоносов атындағы алтын ордені,

2011ж. ТМД-ның «Достастық жұлдызы» халықаралық сыйлығының лауреаты және «Достастық жұлдызы» ордені,

2013ж. «Аңыз Адам» Ұлттық сыйлығының лауреаты,

2007ж. Әлемдік кинодағы зор үлесі үшін ЮНЕСКО халықаралық академиясының «Алтын Қыран» ордені.

Құрметті атақтары:

Қазақстанның бірнеше аудандарымен ауылдарының құрметті азаматы,

2002ж. Жамбыл облысының құрметті азаматы,

2015ж. Алматы қаласының құрметті азаматы,

2017ж. Түркістан облысының құрметті азаматы,

Сарысу ауданының құрметті азаматы,

Қазақстанның бірнеше жоғарғы оқу орындарының құрметті профессоры,

Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері,

2015ж. Қыздар университетінің «Ұлағат» алтын медалі,

Қазақстан Театрлар Ассоциациясның «Сахнагер–2017» Ұлттық театр сыйлығының «Қазақ театрының дамуына орасан зор үлесін қосқаны үшін» арнайы аталымы бойынша марапатталды ( 2017 жыл).